Ғалия Тынбаева Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

10 Мамыр 2024, 17:33
290
Бөлісу:
Ғалия Тынбаева Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды
Фото: @olympickz

Ғалия Тынбаева Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Ғалия Тынбаева Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде топ жарды.

Әйелдер арасында 48 келі салмақта өткен финалдық белдесуде Ғалия ресейлік Сабина Гилиязованы жеңді. Қазақстандық спортшы алдымен "ваззари", кейін "иппон" ұпайын алып, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

Осылайша, Ғалия Тынбаева қазақ қыздары арасында тұңғыш рет Grand Slam додасының алтынын алып отыр. Ол турнирдің финалына өз мансабында алғаш рет шыққанын да айта кету керек.

Өзгелердің жаңалығы