Гаитидің солтүстігіндегі ауылдық аймақта орналасқан көне Лаферьер цитаделі маңында болған адам кептелісі салдарынан кемінде 30 адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ жергілікті Le Nouvelliste газетіне сілтеме жасап.
Елдің Солтүстік департаменті азаматтық қорғаныс қызметінің жетекшісі Жан Анри Пети мәлім еткендей, Кариб мемлекетінің ең танымал көрікті орындарының бірі – XIX ғасырдың басында салынған Лаферьер қамалы ұлттық мерекелік шараларға байланысты келушілерге лық толған.
Жиналған адамдардың шамадан тыс көп болуы салдарынан кептеліс туындап, алдын ала есеп бойынша 30 адам қаза болған.
Жергілікті билік өкілдері оқиғаға байланысты тергеу басталғанын айтып, көз жұмғандар саны әлі де өсуі мүмкін екенін жоққа шығармай отыр.