Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гаитиде 7,2 балдық қуатты жер сілкінісі салдарынан қаза болғандар саны 304 адамға өсіп, тағы 2 мыңға жуық адам зардап шекті.
Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасай отырып хабарлады.
Құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар ғимараттардың қирандыларының арасынан тірі қалғандар мен құрбандарды іздеуді жалғастыруда.
Еске салсақ, 14 тамызда Гаитидің батысында магнитудасы - 7,2-ге тең қуатты жер сілкінісі болды.
Америкалық сейсмологтардың айтуынша, жерасты дүмпуі 10 км тереңдікте.
Жер сілкінісінің ошағы елдің астанасы Порт-о-Пренс қаласынан 125 км қашықтықта орналасқан.
Зілзала ауқымы мен қаза тапқандардың нақты саны әзірге белгісіз.
Гаитидегі бұл зілзала 2010 жылғы 250-300 мың адамның өмірін қиып кеткен жойқын жер сілкінісінен небәрі 75 шақырым қашықтықта болды.