Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы Ғабидолла Әбдірахымовқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.
Алматы қаласының полиция департаменті Қ. есімді азаматтан Ғабидолла Әбдірахымовтың үстінен арыз түскенін растады.
Аталған дерек Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп- тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қылмыстық іс бойынша өндірісті Алматы қаласы қылмыстық іздестіру департаментінің тергеу басқармасы жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады,- деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Шымкент шаһарын басқарған Ғабидолла Әбдірахымов 2021 жылдың күзіне дейін Мәдениет және спорт вице-министрі болды. Оған дейін премьер-министрдің кеңесшісі қызметін атқарды.