Футзалдан Еуропа чемпионаты кейінге шегерілуі мүмкін

16 Желтоқсан 2021, 17:45
1563
Бөлісу:
Футзалдан Еуропа чемпионаты кейінге шегерілуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты коронавирустың өршуіне байланысты кейінге шегерілуі мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Чемпионат 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Амстердам және Гронинген қалаларында өтеді деп жоспарланған.

Бірақ Еуропада коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты турнир кейінге шегерілуі мүмкін. УЕФА бұл мәселені 18 желтоқсанда шешеді.
Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы алдағы Еуропа чемпионатына қатысады. Ол Италия, Словения және Финляндиямен бір топта өнер көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы