Футзал: Қазақстан Әзербайжанға қарсы матчта камбэк жасады

12 Қазан 2023, 00:22
898
Бөлісу:
Футзал: Қазақстан Әзербайжанға қарсы матчта камбэк жасады
Фото: Prosports.kz

Астанада футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің элиталық раундында Әзірбайжан құрамасымен ойнады, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Кака алаңға Игита, Эдсон, Тұрсағұлов, Дуглас Джуниор, Оразов - Серіков, Лео, Ақбалықов, Есенаманов, Кнауб, Жұма, Тайбасаров, Дәрібай, Әбдіманапұлы секілді құрамды шығарды.

Қонақтар күтпеген жерден Амадеу мен Галлоның голдарының арқасында есепте екі доп айырмасымен алға шықты, бірақ үзіліске дейін Лео есеп айырмасын қысқартып, Біржан Оразов есепті теңестірді. Екінші таймның басында Дуглас Жуниор алаң иелерінің жеңісті голын соқты.

Осылайша Қазақстан қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсіп, қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді.

14 желтоқсанда Қазақстан өз алаңында Нидерландымен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы