Атақты футболистке 8 жыл бойы Испанияға кіруге тыйым салынды

19 Шілде 2020, 19:51
2227
Бөлісу:
Атақты футболистке 8 жыл бойы Испанияға кіруге тыйым салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испанияның атынан бірнеше жыл өнер көрсеткен португалиялық қорғаушы Рубен Семеду Испанияда бірқатар қылмыс бойынша сотталды.

Levante El Mercantil Valenciano баспасының хабарлауынша, Валенсияның жергілікті соты ұрлық, қарулы шабуыл, адам ұрлау, қару-жарақты заңсыз сақтау тәрізді қылмыстарда футболистті кінәлі деп таныды. Семеду кінәсін ішінара мойындады.

26 жастағы спортшы 5 жылға түрмеге қамалып, сонымен қатар 46 мың еуро айыппұл салынды. Бұдан бөлек, енді Семедуге Испанияға кіруге тыйым салынған, сол себепті ол жақтағы түрмеге түсуден бұлтаруы мүмкін.

Семеду айыпты деп танылған қылмыстар 2018 жылы болған. Ол кезде футболист Вильярреал клубы үшін ойнаған. Спортшы 5 ай қамауда болып, кейіннен спорттағы мансабын әрі қарай жалғастыру үшін 30 мың еуро кепілмен босатылған еді. 

Айта кетейік, футболист 2019 жылы Олимпиакоспен келісімшартқа отырды. Биылғы маусымда ол грек футбол клубының атынан өнер көрсетіп, 44 матчта 5 гол соққан болатын.


Өзгелердің жаңалығы