Футболдан «Super Bol» жобасының жеңімпазы анықталды

20 Тамыз 2022, 22:38
1792
Бөлісу:
Футболдан «Super Bol» жобасының жеңімпазы анықталды

Елордада футболдан «Super Bol» жобасы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«Super Bol» жобасының ақтық ойыны «Астана Арена» стадионында өтті.

Финалда «Jenis» футбол құрамасы мен арнайы іріктеліп алынған әуесқой жас футболистерден құралған «Super Bol» командасы бақ сынасты.

Ойын 6:5 есебімен «Super Bol» командасының жеңісімен аяқталды. Яғни әуесқой жас футболистер кәсіби футболистерден басым түсіп, жеңіске жетті.

Сондай-ақ жарысты шетелден келген 60-қа жуық скаут бақылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, финалда үздік ойын көрсеткен, қабілеті жоғары жас футболистермен келісім жасалуы мүмкін.

Айта кетсек, «Super Bol» жобасына кастинг 15-25 жас аралығындағы кәсіби футболға таласы бар жастар арасында өтті. Онда 6 мыңнан астам үміткер бақ сынаған.

Ойыншыларды іріктеу Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей, Павлодар, Ақтау, Ақтөбе және Тараз қалаларында өтті.

Бұған дейін елордада «Super Bol» жобасының ақтық ойыны өтетіні туралы хабарлаған едік.

Өзгелердің жаңалығы