Елордада «Super Bol» жобасының финалы өтіп жатыр

20 Тамыз 2022, 20:14
1060
Бөлісу:
Елордада «Super Bol» жобасының финалы өтіп жатыр
Фото: автордан

Елордада футболдан «Super Bol» жобасының финалдық ойыны өтіп жатыр. Алаңда «Жеңіс» футбол клубы және арнайы іріктеуден өткен жас футболшылар өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жобаны қолдау үшін әлемдегі ең үздік футбол төрешісі  Равшан Ирматов келген.

Атақты Chelsea Football Club техникалық директоры Клод Макелеле Синда да осында.

«Super Bol» жобасы маусым айында басталды.  Іріктеліп алынған жас футболистер екі жарым ай бойы дайындалған.

6 мың адамнан іріктелген 132 үміткердің арасынан үздік деген 25 жас футболист  таңдалды.

«Super Bol» жобасында 6 мыңнан астам үміткер бақ сынаған. Кастингке 15-25 жас аралығындағы азаматтар қатысты.
Сондай-ақ іріктеу Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей, Павлодар, Ақтау, Ақтөбе және Тараз қалаларында өткізілді.

Өзгелердің жаңалығы