Қазақстан футболы кубогінің 1/8 финал кезеңіндегі барлық матчтар аяқталып, келесі кезеңге өткен командалар белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Нәтижесінде 1/4 финалдың жұптары төмендегідей қалыптасты:
Ордабасы – Жетісу
Ақтөбе – Алтай
Қайсар – Тобыл
Жеңіс – Қызылжар
Айта кетейік, ширек финал матчтары бір ойыннан тұрады. Ал жартылай финалда командалар екі матч өткізіп, жеңімпазды анықтайды.
Қазақстан кубогінде ең көп жеңіске жеткен клуб – алматылық "Қайрат". Оның еншісінде 10 трофей бар. Ал астаналық "Астана" мен "Жеңіс", сондай-ақ қостанайлық "Тобыл" командалары 3 реттен жеңіске жеткен.
Өткен жылы турнир финалында "Тобыл" командасы жеңіске жетіп, "Қайсар Аренада" өткен матчта шымкенттік Ордабасы клубын сенімді түрде ұтқан болатын.