Футболдан Франция құрамасы Қазақстанға келді

27 Наурыз 2021, 07:16
1851
Бөлісу:
Футболдан Франция құрамасы Қазақстанға келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ, Футболдан Франция ұлттық құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің Қазақстанмен кездесуі үшін Нұр-Сұлтанға келді.

Франция футбол федерациясы Twitter-де команданың келген сәтіндегі суреттерімен бөлісті.

Дидье Дешам және оның ойыншылары Қазақстанға келді, – делінген фотосуреттің жазбасында.
Сндай-ақ, Франция құрамасы Қазақстанмен кездесуіне қатысатын ойыншылар тізімін жариялады.

Қақпашылар: Уго Льорис («Тоттенхэм»), Стив Манданда («Марсель»), Альфонс Ареоля («Фулхэм»), Майк Меньян («Лилль»)

Қорғаушылар: Ферлан Менди («Реал»), Люка Динь («Эвертон»), Преснель Кимпембе (ПСЖ), Лео Дюбуа («Лион»), Клеман Лангле («Барселона»), Люка Эрнандес («Бавария»), Курт Зума («Челси»), Рафаэль Варан («Реал»), Бенжамен Павар («Бавария»).

Жартыай қорғаушылар: Поль Погба («Манчестер Юнайтед»), Усман Дембеле («Барселона»), Адриен Рабьо («Ювентус»), Мусса Сиссоко («Тоттенхэм»), Тома Лемар («Атлетико»), Танги Ндомбеле («Тоттенхэм»), Кингсли Коман («Бавария»).

Шабуылшылар: Килиан Мбаппе (ПСЖ), Антуан Гризманн («Барселона»), Оливье Жиру («Челси»), Антони Марсьяль («Манчестер Юнайтед»), Виссам Бен-Йеддер («Монако»). 

Еске салайық, Қазақстан мен Франция құрамалары арасындағы матч 28 наурызда «Астана Аренада» өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 18: 50-де басталады.


Өзгелердің жаңалығы