Футбол: Мессидің қай клубқа ауысқаны белгілі болды

8 Тамыз 2021, 20:37
3489
Бөлісу:
Футбол: Мессидің қай клубқа ауысқаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Барселона» клубының президенті Жоан Лапорта аргентиналық шабуылшы Лионель Месси «Пари Сен-Жермен» футбол клубының ойыншысы болатынын ресми түрде растады. 

«Алтын доптың» алты дүркін иегері, аргентиналық шабуылшы Лионель Месси Францияның «Пари Сен-Жермен» клубының ойыншысы болады деп мәлімдеді Испанияның «Барселона» футбол клубының президенті Жоан Лапорта.

Мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым, бірақ Месси ПСЖ-ға ауысады, - деді Лапорта.
Айта кетсек, аргентиналық футболшы Лионель Месси испаниялық клуб «Барселонадан» ресми түрде кеткен болатын. «Камп Ноу» стадионында болған баспасөз мәслихатында Лионель Месси көз жасын тыя алмады. 

Лионель Месси «Барселонада» 2000 жылдан бері ойнап келеді келеді және 2003 жылдан бері негізгі құрамда өнер көрсеткен. Ол Испания чемпионатында 10 жеңіс, Испания Кубогі мен Суперкубогінде 7 реттен, Чемпиондар Лигасында 3 рет, Еуропа Суперкубогінде және клубтық ӘЧ-де 3 рет чемпион атанған.

Месси «Барселона» сапында алтыншы «Алтын добын» алды. Ол 778 матчта 672 гол соққан команданың үздік сұрмергені және 520 матчта 474 гол соққан испан лигасының үздік сұрмергені ретінде қазірдің өзінде тарихқа есімін жазып үлгерген. Каталониялық клуб сапында 2004 жылдан, 17 жасынан бері ойнап келді.

Бұған дейін Лионель Мессидің «Барселонадан» ресми түрде кеткенін хабарлаған едік

Өзгелердің жаңалығы