Футбол: Грузия Грекияны жеңіп, Еуропа чемпионатының финалына өтті

27 Наурыз 2024, 01:43
1377
Бөлісу:
Футбол: Грузия Грекияны жеңіп, Еуропа чемпионатының финалына өтті
Фото: championat.com

Футболдан Грузия құрамасы Еуропа чемпионатының финалдық сатысына жолдаманы ұтып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Грузиялық құрама Ұлттар лигасы С жолы бойынша плей-офф сатысы финалында Грекияны пенальтиден жеңді.

Кездесу Тбилисидегі "Борис Пайчадзе (Динамо-Арена)" стадионында өтті. Алаң иелері пенальти қорытындысы бойынша – 0:0 (пен. 4:2) есебімен жеңіске жетті.

Қос командаға тым болмағанда бір гол соғу үшін негізгі 90 минут пен қосымша 30 минут уақыт жетпеді.

Матчтан кейінгі пенальти сериясында Грузияның күші басым түсті – 4:2. Осылайша, грузиялық ұлттық команда Еуропа-2024 чемпионатының топтық кезеңінде бақ сынайды.

Енді грузиялық футболшылар құрлықтық додада Португалия, Түркия және Чехиямен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы