Футбол федерациясының президенттігіне үміткерлер анықталды

9 Ақпан 2022, 13:33
1178
Бөлісу:
Футбол федерациясының президенттігіне үміткерлер анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 ақпанда Қазақстан футбол федерациясының президент сайлауы өтеді, деп хабарлайды Qazaqsporty.kz.

Осыған байланысты 7 ақпанда үміткерлерді тіркеу аяқталды. Аймақтық футбол федерацияларынан Олжас Абраев, Әділет Барменқұлов, Давид Лория, Берік Қаниев және Қайрат Оразбековтер ұсынылды.

Сонымен қазіргі президент Әділбек Жақсыбеков те жаңа сайлауға қатыспақ.  Әділбек Жақсыбеков Қазақстан футбол федерациясын екі рет басқарған. Ең алғаш 2007-2014 жылдары тізгінді ұстады. Одан кейін 2018 жылы қайтадан президент болып сайланған.

Давид Лория – танымал қақпашы. былтыр «Астана» клубының атқарушы директоры болған.
Берік Қаниев – бизнесмен, меценат. Қазақстан футбол федерациясының атқару кеңесінің мүшесі. «Жас қыран» стадионы мен клубының қожайыны.

Әділет Барменқұлов – «Kazakhmys Smelting» ЖШС-ның бас директоры. «Шахтер» футбол клубы директорлар кеңесінің төрағасы. Қазақстан футбол федерациясының атқару кеңесінің мүшесі.

Қайрат Оразбеков – «Қайрат» футзал клубының директоры.

Олжас Абраев- Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының президенті.

Өзгелердің жаңалығы