Нұр-Сұлтанда футбол жанкүйерлері матчқа кедергі келтірмек болды

7 Қазан 2019, 09:28
2534
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда футбол жанкүйерлері матчқа кедергі келтірмек болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Астана-Арена» стадионында фанаттар «Атырау» (Атырау қаласы) және «Қайсар» (Қызылорда қаласы) футбол командалары арасындағы матчты үзіп жібермек болды.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес, аталмыш оқиға 6 қазан күні Қазақстан Кубогі сарапқа салынған футбол матчы кезінде болған.

«Кейбір жанкүйер футбол матчының өткізілуіне кедергі келтірмек болды. Полиция қызметкерлері дер кезінде қабылдаған іс-шарасының арқасында жанжал тоқтатылды. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына мәдени және спорттық шаралар кезінде қоғамдық тәртіпті бұзбай, арандатушылыққа ермеуге ескертеді», - делінген ведомство хабарламасында.

ҚР заңнамасына сәйкес барлық құқыққа қайшы әрекет заң жүзінде қаралып, құқықбұзушылар жауапкершілікке тартылатын болады.

 

Өзгелердің жаңалығы