Футбол: Эсеола мергендер көшін бастады

27 Мамыр 2019, 12:29
1546
Бөлісу:
Футбол: Эсеола мергендер көшін бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан премьер-лигасының екінші кезеңі басталды. 12-турда елордада «Шахтер» мен «Қайрат» кездесті. 

Соңғы кездері «Қайратқа» және оның жаңа жас бапкері Алексей Шпилевскийге қатысты сын өте көп. Алматы командасының жанкүйерлері де ашулы. Егер осы матчта жеңілгенде тағы да сын көбейер еді. Бірақ жекелеген ойыншылардың шеберлігі «Шахтермен» матчта өз пайдасын тигізді.

Негізі, Нұр-Сұлтандағы ойын «Шахтер» үшін сәтті басталған. Бірінші таймда «Қайрат» қорғаушыларының ұқыпсыздығын Доньет Шкодра тиімді пайдаланып есепті ашқан. Осыдан кейін «кеншілер» өз-өздеріне қатты сеніп кеткен секілді.

Екінші кезеңде Адеринсола Эсеола бес минуттың ішінде екі гол соқты. Украиналық шабуылшының дублі «Қайратқа» жеңіс» әкелді. Сөйтіп, премьер-лиганың биылғы маусымындағы голдарының санын сегізге жеткізді. Қазіргі кезде мергендер көшін бастап тұр. 

Бұл матчта Алматы командасының капитаны Бауыржан Исламханның еңбегін ерекше айта кетсе болады. 26 жастағы капитан ойын тізгінін толықтай өз қолында ұстауға тырысты. Барлық өткір шабуылдар осы Исламхан арқылы өрбіді. Оны «Шахтердің» бас бапкері Николай Костов та айтты. 

«Алғашқы 25 минут «Қайраттың» басымдығымен өтті. Осы тұста біздің де гол соғатын мүмкіндігіміз болған. Негізгі «Қайрат» есеп теңестіргенше жақсы ойнадық. Бәлкім, екінші таймда психологиялық тұрғыдан сынып қалған шығармыз. Исламханның қатарға қосылуы бізге қиын соқты. Осы жағынан жолымыз болмады. Исламхан мен Жуков бірге ойнағанда «Қайрат» мүлдем басқа команда. Қарсыласты жеңісімен құттықтаймын. Ал біз келесі ойынға дайындаламыз», . – дейді «Шахтер» бапкері Николай Костов. 

«Шахтёр» (Қарағанды)  – «Қайрат» (Алматы) – 1:2 
Голдар: Шкодра, 29 (1:0). Эсеола, 74 (1:1) , Эсеола, 79 (1:2). 
«Шахтёр»: Шацкий, (к), Зенев, Лувага (Дроппа, 62), Нұрғалиев (Өміртаев, 62), Пешич, Скорых (Чичулин, 6), Ткачук, Шайықов, Шахметов, Барановский, Шкодра. 
«Қайрат»: Покатилов, Вржещиньский (Эппель, 69), Дугалич, Жуков (Әбікен, 74), Исламхан (к) (Вороговский,86), Косович, Қуат, Миканович, Ахметов, Сүйімбаев, Эсеола.
Бас төреші:Болат Сариев (Орал). 
Нұр-Сұлтан. «Астана Арена» стадионы. 1000 көрермен.
Өзгелердің жаңалығы