Астана, BAQ.KZ. Халықаралық футбол ассоциациялары кеңесі (IFAB) футбол ережелеріне қатысты өзгерістер енгізді. Олар ұйымның ресми сайтында жарияланды. Өзгерістер осы жылы жазда күшіне енбек. Бұл туралы Vesti.kz сайты жазды.
Бірінші өзгеріс қолдың допқа тиюіне қатысты. Егер гол соққан футболшының қолы допқа білместіктен тиіп кетсе де, бұл ережелерді бұзу болып саналады.
Екіншіден, алмастырылған ойыншы алаңнан ең жақын қапталдағы сызық арқылы шығуы керек. Қазіргі уақытта футболшылар тек қосалқы ойыншылар отыратын орын жаққа қарай алмастыруға шығады.
Үшіншіден, шабуыл жасаушы команданың футболшыларына айып соққысын орындау кезінде қорғанушы команданың қорғаныс тізбегіне тұруға тыйым салынады. Бұл ретте олар өз "қабырғасын" тұрғыза алады.
Төртіншіден, 11 метрлік айып добын орындауға қатысты. Ендігіде голкипер қақпа сызығын міндетті түрде екі аяқпен емес, тек бір аяқпен ғана басуына болады.
Сондай-ақ, сары және қызыл қағаздар енді жағымсыз мінез-құлық және басқа да ереже бұзу үшін жаттықтырушыларға да көрсетіледі. Ал доп төрешіге тиген жағдайда даулы доп белгіленеді.
Өзгерістер 2019 жылы жазда күшіне енеді.