Футбол: Азат Нұрғалиев ең көп ойын өткізген 10 ойыншының қатарына қосылды

18 Қараша 2019, 20:08
2967
Бөлісу:
Футбол: Азат Нұрғалиев ең көп ойын өткізген 10 ойыншының қатарына қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қостанайдың "Тобыл" командасының капитаны Азат Нұрғалиев премьер-лигада өткізген ойындарының санын 416-ға жеткізді. Сөйтіп, ең көп матч өткізген 10 ойыншының қатарына енді. 

Азат Нұрғалиев Қазақстан чемпионатындағы алғашқы ойынын "Ордабасы" сапында 2004 жылы 15 сәуірде өткізген. Ол Қызылордадағы "Қайсармен" кездесудің 67-минутында Кахи Кветенадзені алмастырады. Алғашқы голын 2004 жылы 8 шілдеде "Семей" командасының қақпашысы Илья Бәйтерековке соққан. 

33 жастағы жартылай қорғаушы Талдықорғанның "Жетісу" ((9 матч, 4 гол), Қаскелеңнің "Сұңқар" (9 матч, 2 гол), "Астана" (11 матч, 6 гол), Шымкенттің "Ордабасы" (204 матч, 28 гол) командаларында өнер көрсеткен. Ал ойнап жүрген Қостанайдың "Тобыл" командасы сапында 183 ойында 37 мәрте мергендік танытқан. 

Жалпы, премьер-лигада Нұрғалиев 416 ойынға қатысып, 77 гол соққан. Алғашқы ондықта қазіргі ойнап жүрген футболшылардан Мақсат Байжанов пен Сергей Скорых бар.  

1992-2019 жылдары аралығында премьер-лигада ең көп ойын өткізгендер:
1. Нұрбол Жұмасқалиев – 523 матч;
2. Серік Жейлітбаев – 457;
3. Самат Смақов – 452;
4. Игорь Юрин – 426;
5-6. Руслан Гумар – 424;
5-6. Мақсат Байжанов – 424;
7. Данияр Мұқанов – 418;
8. Максим Самченко – 417;
9. Азат Нұрғалиев – 416;
10. Сергей Скорых – 413.


Өзгелердің жаңалығы