УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңінің бесінші турында "Астана" "Челсиден" жеңіліс тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесу барысында "Астана" англиялық клубқа есе жіберді. Ойын 1:3 есебімен аяқталды.
Қарсылас команданың құрамында Марк Гиу (дубль) мен Ренато Вейга гол соқты. Ал астаналық клубқа Марин Томасов гол сыйлады.
Айта кетерлігі, бұл ойынға англиялық клуб негізінен жастар құрамын алып келген.
Ал бұған дейін "Астана" өз алаңында сербиялық "ТСЦ Бачка-Топола" (1:0) командасын жеңсе, португалиялық "Виториямен" (1:1) тең түсті. Сырт алаңда Уэльстің "Нью-Сейнтс" (0:2), кипрлік "Пафос" (0:1) клубтарына есе жіберген болатын.
Тағы бір ескерерлігі, конференция лигасының плей-офф сатысына жалпы кезеңнің үздік 24 командасы жолдама алады.