Футбол: Билек Кипр мен Бельгиямен ойынға кімдерді шақырды

1 Қазан 2019, 15:42
1851
Бөлісу:
Футбол: Билек Кипр мен Бельгиямен ойынға кімдерді шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футболдан Қазақстан құрамасы 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында қазан айында екі кездесу өткізеді.

Алдымен, 10 қазанға елордаға Кипр құрамасы келеді, одан кейін Бельгия футболшыларымен жолығамыз. 

Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек алдағы екі ойынға қатысатын футболшылардың тізімін жариялады. Олардың қатарында ұзақ үзілістен кейін шабуылшы Сергей Хижниченко қосылған. 

Қақпашылар: Дмитрий Непогодов («Ордабасы»), Стас Покатилов («Қайрат»), Игорь Шацкий («Шахтер»);
Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Дмирий Шомко ( бәрі де – «Астана»), Нұралы Әліп, Ғафуржан Сүйімбаев (екеуі де – «Қайрат»), Александр Марочкин («Қайсар»), Темірлан Ерланов, Сергей Малый (екеуі де – «Ордабасы»), Олжас Керімжанов («Жетісу»), Ян Вороговский («Беерсхот», Бельгия);
Жартылай қорғаушылар: Юрий Перцух («Астана»), Айбол Әбікен, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат (бәрі де  – «Қайрат»), Асхат Тағыберген («Қайсар»), Бактиер Зайнутдинов («Ростов», Ресей);
Шабуылшылар: Максим Федин («Тобыл»), Тоқтар Жаңғылышбай («Ордабасы»), Сергей Хижниченко («Астана»).
 
Резерв: Владимир Плотников («Қайрат»), Асланбек Кәкімов («Ақтөбе»), Серікжан Мужиков, Роман Муртазаев (екеуі де – «Астана»), Аслан Дарабаев, Еркін Тапалов, Айбар Жақсылықов ( бәрі де – «Жетісу»), Думан Нәрзілдаев («Қайсар»), Марат Быстров, Тимур Досмағамбетов (екеуі де – «Ордабасы»), Виктор Дмитренко, Азат Нұрғалиев, Бауыржан Тұрысбек, Руслан Валиуллин, Дмитрий Мирошниченко (бәрі де – «Тобыл»), Геворг Наджарян («Шахтер»).  
 
Жаттықтырушылар штабы: 
Михал Билек – бас бапкер, 
Михал Хипп – бас бапкердің көмекшісі, 
Талғат Байсуфинов – бас бапкердің көмекшісі, 
Николай Родионов – қақпашылардың жаттықтырушысы, 
Марат Еслямов – дене даярлығы бапкері.
 
Айта кетейік, Қазақстан 10 қазан күні сағат 20:00-де Кипр құрамасымен кездеседі, ал 13 қазанда сағат 19:00-де Бельгия құрамасымен ойнайды.
Өзгелердің жаңалығы