Фристайл-могулдан Қазақстан ұлттық құрамасы елге оралды

11 Ақпан 2022, 10:07
1689
Бөлісу:
Фристайл-могулдан Қазақстан ұлттық құрамасы елге оралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың халықаралық әуежайына Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиадаға қатысушылар – фристайл-могулдан Қазақстан ұлттық құрамасы ұшып келді, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігі. 

Спортшыларды Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері мен жанкүйерлер қарсы алды.

Спорт – бақ пен бап қатар жүретін сала. Төрт жылда бір келетін дүбірлі додада бар күштеріңізді салып, жігерлеріңізді көрсет­тіңіздер. Біз сіздерді қашанда қолдауға дайынбыз. Жарқын жеңістеріңіздің әлі де алда екеніне сеніміміз мол, – деді ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова.

Естеріңізге сала кетейік, байрақты бәсекеде фристайл-могулда ұлттық құрама сапында алты спортшы ел намысын қорғады. Олардың қатарында Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхерд финалға жолдама алып, Юлия он бірінші, ал Дмитрий сегізінші орынға жайғасты.

Өзгелердің жаңалығы