Фристайл-могулдан ӘЧ: Еліміз медальдық есепте екінші орында тұр

Бүгiн, 01:35
155
Бөлісу:
Фристайл-могулдан ӘЧ: Еліміз медальдық есепте екінші орында тұр
Фото: olympic.kz

Анастасия Городко Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында фристайл-могулдан Қазақстан құрамасына екінші медаль әкелді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы параллель могулда алтын медаль жеңіп алды. Ал бір күн бұрын Городко жекелей сында екінші орынға ие болған еді.

Бұл Қазақстанның медальдық есепте екінші орынға нық бекітілуіне мүмкіндік берді. Ұлттық құрамадан жоғары Жапония орналасқан, олардың еншісінде екі алтын және бір қола медаль бар. Үздік үштікті бір алтынмен Чехия аяқтайды.

Айта кетейік, 9 қаңтарда аралас командалар арасында жарыстар өтеді.

Өзгелердің жаңалығы