Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Дир-Вэлли бөктерінде фристайл-акробатикадан әлем кубогі жалғасуда. Әйелдер арасындағы бәсекеде қазақстандық Жанбота Алдабергенова бесінші орынға ие болды, деп жазды Olympic.kz.
Іріктеуден сүрінбей өткен Жанбота алғашқы финалдық айналымда 83,79 ұпаймен үшінші орыннан көрініп, ақтық сынға жолдама алған алты спортшының қатарына енді.
Алайда, шешуші финалда Алдабергенова азулы қарсыластарынан оза алмады.Ол 71,92 ұпаймен бесінші орынға табан тіреді.
Алайда, шешуші финалда Алдабергенова азулы қарсыластарынан оза алмады.Ол 71,92 ұпаймен бесінші орынға табан тіреді.
Бұл бәсекеде австралиялық Даниель Скотт топ жарды (93,86). Екінші және үшінші орындарды тиісінше америкалықтар Уинтер Винецки (87,77) мен Кайла Кун (74,82) өзара бөлісті.
Оқи отырыңыз: