Фристайл-акробатика: Асылхан Асан әлем чемпионы атанды

Спортшы жекелей сайыста үздік нәтиже көрсетті.

 ҰОК 20 Наурыз 2026, 17:44
20 Наурыз 2026, 17:44
1325
Фото: ҰОК

Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының өкілі Асылхан Асан Айролода (Швейцария) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спортшы жекелей сайыста үздік нәтиже көрсетті.

Финалда Асан төрешілердің шешімімен 103.35 ұпай жинады. Осылайша алтыннан алқа тақты.

Оның командаласы Дінмұхаммед Райымқұлов 92.82 ұпаймен екінші орын алды. Ал үшінші орынды Беларусь өкілі Владислав Вазнюк (92.00) иеленді.

Наверх