Франциялық теннисші Астана мен қазақстандық әріптестері туралы ойын айтты

30 Қыркүйек 2023, 19:39
542
Бөлісу:
Франциялық теннисші Астана мен қазақстандық әріптестері туралы ойын айтты
Фото: ҚТФ

Astana Open ATP 250 турниріне осымен үшінші рет қатысып жатқан франциялық теннисші Адриан Маннарино Астана мен оның халқы, қаладағы барлар мен дәмханалар туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бірінші жылы біз қонақүйден шықпадық, локдаун болды. Кейінірек оралғанда ғана қаланы аралауға мүмкіндік туды. Мұндағы бар мен дәмханаларды аралап, ләззат алдым. Халық өте жылы қарсы алды. Астанада өткізген уақыт ең жақсы кез болды деп айта аламын, - деді ол.

ҚТФ хабарлауынша, Адриан Маннарино өзі араласатын қазақстандық теннисшілер туралы да ойын білдірген.

Бубликпен жақсы доспыз. Онымен биыл бірнеше рет ойнадық. Ол – өте жақсы ойыншы. Онымен ойнаған әрдайым көңілді. Бұған қоса, ол салмақты қарсылас. Ара-тұра бірге жаттығып тұрамыз. Сонымен бірге Михаил Кукушкинді де жақсы білемін. Ол да жақсы ойыншы. Бірнеше рет шеберлік байқасып көрдік. Екеуіміз құрдаспыз. Алғаш 20 жасымызда бірге ойнағанбыз. Содан бері 15 жыл өтіпті, – деді теннисші.

Өзгелердің жаңалығы