Францияның Пюи-де-Дом департаментінде "Фурм-д’Амбер" акциясы кезінде үш адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Montagne басылымы жазғандай, 26 шілдеде жолдан шығып кеткен көліктің соғуы салдарынан екі көрермен көз жұмды. Бір адам ауыр жарақат алды, бірақ ол кейін қайтыс болды.
Басылымның мәліметінше, жарыс көлігінің жүргізушісі мен штурман ауруханаға жатқызылған.
Басылым көрермендердің бір бөлігі қағаз таспамен белгіленген аумақта, яғни тыйым салынған жерде болғанын атап өтеді. Прокуратура оқиғаға қатысты тергеуді бастады. Оқиға орнында 60-қа жуық құтқарушы мен полиция қызметкері жұмыс істеп жатыр. Жарыс тоқтатылды, департамент префекті көрермендерден таралуды және трассаны пайдаланбауды өтінді. Сент-Жюста психологиялық қолдау орталығы ашылды.