Францияда салық төлеміне бақылау күшейді

11 Мамыр 2023, 17:31
871
Бөлісу:
Францияда салық төлеміне бақылау күшейді
Фото: BAQ.KZ

Осыған байланысты елде алғаш рет фискалды барлау қызметі құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол халықаралық корпорациялардың жұмысы мен ең үлкен капиталдар ағынын қадағалайды. Бұдан былай ірі бизнес нысандарын жиі тексеретін болады. Бұл туралы Хабар24 жазды.

Қаржыгерлер кәсіподағының мәліметі бойынша, Францияда жылына 100 млрд еуроға дейін салық төленбейді екен. Үкімет алаяқ азаматтардың елде қанша уақыт тұрақтайтынын анықтау үшін әуе компанияларының көмегіне де жүгінбек ниетте. 

Салық инспекторларының санын арттыру арқылы салық алаяқтығына бақылауды күшейтеміз. Францияда тұрақты тұрмайтын адамдардың жүріс-тұрысын қадағалау үшін заманауи құралдарды да пайдаланамыз, - деді Францияның өнеркәсіп министрі Ролан Лекюр.

Өзгелердің жаңалығы