Францияда сағатына 150 км жылдамдықпен жел тұрып, нөсер жауды

Бүгiн, 02:19
123
Бөлісу:
Францияда сағатына 150 км жылдамдықпен жел тұрып, нөсер жауды
Фото: скрин

Францияда 1 күнде жаңбырдың 1 айлық мөлшері жауды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нөсерден бөлек, жел күшейген. Жылдамдығы сағатына 150 шақырым. Мамандар ел аумағына атлантикалық «Кирк» дауылы жақындап қалғанын айтады.

Кей аумақтарда дауылға байланысты қауіптің қызғылт сары деңгейі жарияланды. Жағдай одан ары ушықса су тасқыны жүріп, сел көшуі ықтимал. Билік тұрғындарға көлік қозғалысы қиындап, электр жарығы өшуі мүмкін екенін ескертті.

Өзгелердің жаңалығы