Францияда Қазақстанды саяси жаңғырту процесі үлкен қызығушылық тудырады

3 Желтоқсан 2023, 12:37
534
Бөлісу:
Францияда Қазақстанды саяси жаңғырту процесі үлкен қызығушылық тудырады
Фото: gov.kz

Бұл туралы BAQ.KZ Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның Франциядағы елшілігі Францияның мемлекеттік органдары, талдау орталықтары, іскерлік және қоғамдық топтары өкілдерінің қатысуымен «Қазақстанның саяси реформалары: президенттік сайлаудан бір жыл өткен соң» атты пікірталас сессиясын ұйымдастырды.

Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздегі ауқымды өзгерістердің іске асырылу барысы туралы Қазақстан Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова баяндама жасады. Қазақстандық дипломат реформалардың бұрын-соңды болмаған және қайтымсыз сипатын атап өтіп, елдің саяси жүйесін трансформациялауға бағытталған қабылданған шаралар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Соңғы оқиғаларға, атап айтқанда, елімізде ғана емес, өңірде де жаңа сайлау мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің алғаш рет сайлануына ерекше назар аударылды. Г. Арыстанқұлова елімізде жүргізіліп жатқан саяси, әлеуметтік және экономикалық өзгерістердің өзара байланысын атап өтіп, халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан жекелеген шараларға тоқталып, жаңа экономикалық модельге көшу туралы айтты.

Сөз сөйлеу елімізді жаңғырту үдерісін құптап, оның терең әрі жан-жақты сипатын атап өткен қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.

Пікірталас барысында француз серіктестері энергетикалық ауысу шеңберінде мемлекет қабылдаған шараларға, елдің инвестициялық ахуалын жақсартуға, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау және т.б. салалардағы екіжақты жобаларға ерекше қызығушылық танытты. Сонымен қатар, қонақтар Франция Президентінің ағымдағы жылдың қараша айында Астанаға жасаған сапарының негізгі қорытындылары туралы пікір алмасты.

Өзгелердің жаңалығы