Францияда қазақ әйелдерінің көрмесі ашылды

14 Наурыз 2024, 15:34
528
Бөлісу:
Францияда қазақ әйелдерінің көрмесі ашылды
Фото: "Болашақ" корпоративтік қоры

Еуропа кеңесінде Қазақстандағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған көрме ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу құрметіне өткізілетін іс-шаралар шеңберінде Қазақстанда әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған фотокөрме ұйымдастырылды.

Іс-шараны ҚР Страсбургтағы Бас консулдығы, "Болашақ" корпоративтік қоры, сондай-ақ "Қазақстанның Франциядағы іскер әйелдері - "QazElles" қазақстандық қауымдастығы ұйымдастырды.

Көрме барысында дипломатиялық корпус өкілдері мен Кеңес қызметкерлеріне "Ұлы даланың әйгілі әйелдері" фотосуреттері, сондай-ақ Қазақстандағы гендерлік мүмкіндіктерді кеңейтудің түрлі аспектілері, соның ішінде дипломатия, ғылым, экономика және адам құқықтарын қорғау бойынша тақырыптық материалдар ұсынылды.

Қазақстанның Страсбургтағы Бас консулы Анель Бақытбекқызы өзінің құттықтау сөзінде әйелдердің қазіргі қоғамдағы маңызды және өсіп келе жатқан рөлін атап өтті. "Азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік немесе мәдени болсын, әйелдердің құқықтарын ілгерілету және қорғау мемлекеттің басты басымдықтарының бірі, - деді Анель Бақытбекқызы.

Францияда қазақ әйелдерінің көрмесі ашылды

Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы тиімді күреске үлкен қызығушылықты ескере отырып, А.Бақытбекқызы Еуропа Кеңесінің Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы күрес туралы конвенцияға қосылуға шақыруы аясында Тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы ұлттық заңнаманы реформалау үдерістеріне жеке назар аударды.

"Болашақ" қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Динара Гаплан өзінің "Super Қыз. Бүкіл әлем сөйлейтін әйелдер " және бұл кітаптың мақсаты қыздарға, әйелдерге өз жолдарын табуға және батыл жүруге көмектесу екенін атап өтті.

Іс-шара аясында Францияда тұратын және табысты жұмыс істейтін әйел отандастарымыз кіретін "QazElles" қоғамдастығының қызметі туралы презентация өткізілді. Қоғамдастықтың қызметі Қазақстан мен Франция арасындағы көп қырлы байланыстарды дамытуға және нығайтуға бағытталған.

Көрме, Еуропа Кеңесінің келушілері үшін жылдың 25 наурызына дейін жалғасады.

Францияда қазақ әйелдерінің көрмесі ашылды
Өзгелердің жаңалығы