Францияда президенттік сайлау науқаны басталды

30 Наурыз 2022, 03:30
1402
Бөлісу:
Францияда президенттік сайлау науқаны басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент сайлау шарасы 8 сәуірге дейін созылады. Елдің басты саяси лауазымына 12 үміткер тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықтан алынған сауалнама нәтижесі бойынша қазіргі президент Эммануэль Макронды сайлаушылардың 28 проценті қолдаған. Оның басты қарсыласы барлық дауыстың 17 процентін жинаған Марин Ле Пен болып шықты. Екеуінен кейінгі орындарға Жан-Люк Меланшон, Эрик Земмур және Валери Пекресс ілікті. Сауалнама қорытындысын Ипсос халықаралық зерттеу компаниясы мәлімдемеді. 

Айта кетейік, өткен жексенбіде жергілікті халық сайлау қарсаңында шерулерге шыққан. Оның ең ауқымдысын «Реконкиста» қозғалысының басшысы Эрик Земмур ұйымдастырған.

Өзгелердің жаңалығы