Францияда пәтерден шыққан өрт салдарынан 10 адам қаза тапты

18 Желтоқсан 2022, 12:41
967
Бөлісу:
Францияда пәтерден шыққан өрт салдарынан 10 адам қаза тапты

Францияның оңтүстік шығысында орналасқан Лион қаласында жұма күні көппәтерлі тұрғын үйде болған өрт салдарынан кемінде 10 адам қаза тапты, оның 5-уі бала, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған ақпаратты жұма күні Рона департаментінің префектурасы растады, деп жазды ҚазАқпарат қытайдың Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Өрт Лион қаласының маңындағы Вольс-ан-Велене елді мекеніндегі 8 қабатты тұрғын үйден жергілікті уақыт бойынша, таңғы сағат 03:01-де шыққан, деп хабарлады жергілікті әкімшілік өкілдері.

Префектура өкілдері өртпен күреске 170 өрт сөндіруші жұмылдырылғаннын хабарлады.

Өрттің шығу себебін анықтау бойынша тергеу жүріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы