Франция жұрты Макронның жолдауын шерумен қарсы алды

19 Сәуір 2023, 02:48
585
Бөлісу:
Франция жұрты Макронның жолдауын шерумен қарсы алды
Фото: 24.kz

Парижде зейнеткерлік реформасына қарсы тағы наразылық шеруі болды. Шара Эммануэль Макронның халыққа жолдауы кезінде ұйымдастырылды.

Президент өз сөзінде билік бұл заңды уақыт талабына сай қабылдағанын атап өтті. Бұдан бөлек ол Үкіметке 100 күн ішінде оны жүзеге асырудың жол картасын әзірлеуді тапсырғанын айтты. Өткен аптада Францияның Конституциялық соты осы реформаны заңға қайшы емес деп шешім шығарған болатын.

Зейнеткерлік туралы заңға енгізілген өзгерістер биыл күзден бастап күшіне енеді. Олар еліміздің Конституциясына сай қабылданды. Бұл реформа халықтың әл-ауқатын арттыру үшін жүзеге асқалы отыр, - деген Франция президенті Эммануэль Макрон.

Өзгелердің жаңалығы