Франция мен Ұлыбритания билігі мигранттармен алмасуға бағытталған пилоттық келісім бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы Financial Times басылымы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Басылым мәліметінше, жоспарға сәйкес, Ла-Манш арқылы Ұлыбританияға заңсыз өткен мигранттардың бір бөлігі Францияға қайтарылады. Оның орнына Ұлыбритания отбасыларды біріктіру бағдарламасы аясында заңды мәртебеге үміткер кейбір мигранттарды қабылдайды.
Франция Ішкі істер министрлігі келіссөздердің барысын растады және мұндай келісімнің болашақта Еуроодақ елдеріне кеңейтілуіне үміт білдірді.