Франция 6 АЭС салуды жоспарлауда

7 Қыркүйек 2023, 07:46
949
Бөлісу:
Франция 6 АЭС салуды жоспарлауда
Фото: baq.kz

Қазір Францияда 56 атом реакторы жұмыс істеп тұр. Мемлекет 2050 жылға дейін қосымша тағы 6 атом станциясын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олардың жалпы құны – 50 миллиард еуродан асады. Жақын арада парламент саланы дамытудың мақсаттары мен ауқымын айқындайтын заң қабылдамақ. Бейбіт атом саласындағы әлемдік көшбасшы басқа елдерге де белсенді көмек көрсетеді. Францияда тұтынатын электр энергияның 70% атом электр станцияларында өндіріледі. Ел билігі бұл көрсеткішті арттыру үшін энергетика саласына өзгеріс жасамақ. Сала маманы Эрве Майярдің айтуынша Франция 2050 жылға дейін қосымша 6 атом станциясының құрылысын бастауды көздеп отыр. Он мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылып, маман даярлауға басымдық беріледі.

Атом энергетикасының бір артықшылығы бар, ол – тұрақты құны. Менің ойымша, бұл Қазақстан үшін де өзекті. Атом электр станциясы ұзақ уақыт салынады. Бірақ, одан кейін 60 жыл бойы энергия өндіріледі. Ал АҚШ 80 жылға дейін энергия өндіреді. Бірақ пайдалану кезінде тариф өте тұрақты болады. Сонымен қатар көбінесе құрылыс құнымен пара-пар. Қазақстанның өз ураны болғандықтан, бұл Қазақстанда атом электр станциясын салуды одан да тиімді етері сөзсіз, - дейді Франция АЭС стратегиялық комитетінің үйлестірушісі Эрве Майар.

Ғалымдардың айтуынша, атом ғасыр соңына дейін планетадағы энергияның негізгі көзіне айналуы мүмкін. Дәл қазір Оңтүстік Корея, Жапония, Канада және Нидерланды сияқты елдер реакторлар салу бағдарламаларын қайта іске қосып жатыр. Ал Польша, Египет, Үндістан, Таиланд алғашқы атом станциясын салуды қолға алған.

Атом энергетикасының тағы бір артықшылығы бар, ол – реакторлардың гаммасы және желілерді алыс қашықтыққа тасмалдамау үшін ыңғайлы жерге орнатуға болатыны. Қазақстан, Канада, ЮАР сияқты жер көлемі үлкен мемлекеттерге өте қолайлы дер едім, - дейді Франция АЭС стратегиялық комитетінің үйлестірушісі Эрве Майар.

Әлемдегі әр түрлі өндірушілердің атом реакторындағы қауіпсіздік деңгейі шамамен бірдей. Алайда, Франция бақылау жүйесімен және маман даярлау ерекшелігімен озық тұр. Осы ретте, Қазақстан мен француз тарапы алдағы жылдары сұранысқа ие болатын мамандарды бірлесіп даярлау үшін байланыс орнатуды көздеп отыр.

Өзгелердің жаңалығы