Франциямен жемқорлыққа қарсы ынтымақтастықты нығайтудағы кезекті қадам жасалды

12 Ақпан 2021, 11:19
1312
Бөлісу:
Франциямен жемқорлыққа қарсы ынтымақтастықты нығайтудағы кезекті қадам жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Францияның Қазақстандағы жаңа елшісі Дидье Канесспен кездесті. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар әңгімелесу барысында саяси жаңғырту мен сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған елдегі жүргізіліп жатқан реформаларды талқылады.

Франциямен жемқорлыққа қарсы ынтымақтастықты нығайтудағы кезекті қадам жасалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы бірінші басшылардың алдын алу жұмыстарының жеткіліксіздігі, жауапкершілікті қатаңдату және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін сотталғандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою туралы жауапкершілікті атап айтумен, салалық заңнаманың новеллалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді, - делінген хабарламада. 

Өз тарапынан, Канесс мырза агенттіктің жүргізіп жатқан жұмысы туралы оң пікірін білдіріп, Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі позицияларының жақсарғанын атап өтті. 

Францияның Қазақстанның топ-5 инвесторларының қатарына кіретінін ескере отырып, «Protecting business and investments» жобасы дипломаттардың ерекше қызығушылығын тудырды. Тараптар осы бағыттағы өзара іс-қимылды нығайтуға және Қазақстандағы француз бизнесінің өкілдерімен жақын арада кездесу ұйымдастыруға келісті. 

Екі елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ынтымақтастығының негізі 2009 жылы үкіметаралық келісім деңгейінде қаланды. Белгіленген уағдаластықтар шеңберінде жыл сайын жылына, кемінде 2 рет Агенттік қызметкерлері тәжірибе алмасуға және француз әріптестерінен оқудан өтуге мүмкіндік алады, - деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі. 

Мысалға, 25-29 қаңтар аралығында Ұлттық басқару мектебінің (ENA) қолдауымен Орталық Азия өңірі мен Ауғанстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдарының қызметкерлері үшін онлайн-семинар ұйымдастырылды.

Кездесу соңында Елші өткен жылы оқудан өткен адамдарға сертификаттар табыс етті. Тараптар бір-бірімен, оның ішінде тағылымдамаларды ұйымдастыру арқылы тәжірибемен бөлісуді одан әрі жалғастыруға ниетті.

Өзгелердің жаңалығы