Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияда коронавируспен ауруханаға жатқызылған нәрестелер санының өсуі байқалды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Көбінесе нәрестелер ауруханаға қызба белгілерімен түседі. Орташа алғанда, бала 5 күн бойы ата-анасының бірімен ауруханада қалады. Ауруханаға жатқызылған барлық нәрестелердің ата-аналары вакцинациядан өтпеген және коронавирусқа ПТР тестінің оң нәтижесі бар адамдар.
Германия Түркиядан, Израильден, АҚШ-тан келген вакцинацияланбаған адамдарға карантин енгізуде. Сондай-ақ Черногория мен Вьетнам коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары елдер тізіміне енгізілген. Неміс заңдарына сәйкес, осы санаттағы елдерден келгендер он күндік карантинге жіберілуі керек. Егер уақтылы тест жасалса, оны 5 күнге дейін қысқартуға болады.
Бірқатар елде коронавируспен ауыратындардың күнделікті өсуі бойынша антирекорд тіркелді: Таиландта 23 418 жаңа жағдай, Жапонияда 18 908 жағдай және Филиппинде 13 177 жағдай.