Францияда коменданттық сағат күшейтілуде

3 Қаңтар 2021, 13:16
1512
Бөлісу:
Францияда коменданттық сағат күшейтілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияда елдің оңтүстік-шығысындағы 15 бөлімде коменданттық сағат күшейтілуде. Көшеде жүруге тыйым басқа аудандардағыдай кешкі 20.00-ден бастап емес, 18.00-дан бастап таңғы 06.00-ға дейін жалғасады.

Билік егер жағдай жақсарса, бір аптадан кейін аймақтардың тізімін қайта қарауға уәде береді. Алайда халықтың пікірі әр түрлі. Бірі «бұл қажетті шара. Ниццадағы инфекцияның қарқыны қазір өте жоғары және мұндай шаралар оларды азайтуға мүмкіндік береді, сондықтан біз тезірек қалыпты жағдайға ораламыз», десе, енді бірі «Бұл шара жұмыстан оралып, жұмыс күндері дүкенге кіре алмайтындар үшін жағдайды одан сайын күрделендіре түседі. Бұдан кейін олар демалыс күндері бір уақытта дүкенге баруға мәжбүр болады», - дейді.

Италияда тау шаңғысы курорттарының ашылуы 11 күнге кейінге қалдырылды, ол 7-күнге жоспарланған болатын. Елдегі күнделікті өсім қараша айымен салыстырғанда шамамен екі есеге азайды, бірақ әлі де 20 мыңға жуық жағдайды құрайды.

Ұлыбританияда дәрігерлер жаңа штаммға байланысты ауруханаға жатқызу көрсеткішінің өсіміне дайындалуда. Сенбіде патшалықта антирекорд тіркелді – 57 725 жаңа жағдай.

Ал Израиль қазірдің өзінде вакцинацияланған азаматтардың үлесі бойынша көшбасшы: миллионға жуық израильдік, халықтың 12%-ы екпе алды.

Сонымен қатар әлемдегі халық саны көп мекендердің бірі – Үндістан әзірге дәрі-дәрмектерді тарату және жаппай вакцинациялау сызбасын әзірлеуде. Қазір елде алты вакцина, оның ішінде ресейлік «Спутник V» клиникалық сынақ сатысында тұр.

Өзгелердің жаңалығы