Францияда коменданттық сағат COVID-19-ды тоқтата алмады

29 Қаңтар 2021, 08:42
1623
Бөлісу:
Францияда коменданттық сағат COVID-19-ды тоқтата алмады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияда қосымша санитарлық шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы күндері науқастар саны 10 пайызға өскен. Қазан айынан бері алғаш рет ауыр жағдайда 3 мыңнан астам адам ауруханаға түсті. Олар елдегі жан сақтау бөлімдеріндегі барлық төсек орындарының 30 процентін құрайды. Кей аймақтардағы ауруханалар науқастар нөпіріне төтеп бере алмай әлек. Сондықтан үкімет үшінші рет локдаун жариялауы мүмкін. Бұдан басқа, мектептегі демалыс мерзімін ұзарту мәселесі де қарастырылып жатыр. Сондай-ақ аймақтар арасындағы жүріс-тұрысқа шектеу салу қарастырылуда.

Франциядағы коменданттық сағат британиялық мутацияның таралуына біраз шектеу салды. Бірақ сонда да бұл жеткіліксіз. Коронавирус штамы көзге анық көрінбесе де, өте тез жайылып жатыр. Бұл ащы шындық. Сондықтан жаңа шаралар қабылдауға мәжбүр болуымыз мүмкін, – деп мәлімдеді Францияның денсаулық сақтау министрі Оливье Веран.


Өзгелердің жаңалығы