Францияда дәмхана мен мейрамханалар ашылды

10 Маусым 2021, 11:11
1532
Бөлісу:
Францияда дәмхана мен мейрамханалар ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияда бүгін шектеулер жеңілдетілді, деп жазды «Хабар 24». 

Ел біртіндеп қалыпты тіршілігіне орала бастады. 68 млн халықтың 42%-ы екпенің алғашқы дозасын салдырған, ал әр бесінші тұрғын толығымен вакциналаудан өтті. Бүгін кафе мен мейрамханалар ашылды. Осыған дейін жұрт террассаларда тамақтанатын. 

Жыл басынан күшінде болған коменданттық сағат алынған жоқ, бірақ мерзімі екі сағатқа қысқарды. Енді сағат кешкі 23:00-ге дейін көшеге шығуға рұқсат. Билік өкілдері үш аптадан кейін коменданттық сағатты мүлдем алып тастауға уәде берді. Дегенмен, музей, театр, кинозал мен сауда орталықтарына кіретін халық саны шектеулі. 

Бүгіннен бастап санитарлық төлқұжат күшіне енді. Ол ұялы телефондағы қосымшада сақталады. Үлкен концерт, футбол ойыны, яғни бір мыңнан артық адам жиналатын кез келген жерге бару үшін осы құжат қажет. Оған ие болу үшін вакцина салдыру міндет емес, ПТР-тест жеткілікті.


Өзгелердің жаңалығы