Францияда 116 жастағы кейуана коронавирусты жеңді

9 Ақпан 2021, 12:15
1320
Бөлісу:
Францияда 116 жастағы кейуана коронавирусты жеңді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Франциялық Люсиль Рандон (Lucile Randon) өзінің 117 жылдық мерейтойының алдында COVID-19 індетін жеңді, деп жазды француздық Var-Matin газеті.

Басылымның мәліметінше, 16 қаңтарда Тулондағы қарттар үйінде Рандоннан коронавирус анықталған. Әйел вирусты асимптоматикалық түрде жұқтырды. 

Люсиль Рандон 1904 жылы 11 ақпанда дүниеге келген. Жас кезінде ол ауруханада жұмыс істеген, кейінірек Андре есімін алды. 2019 жылы Рандон туған күніне Рим Папасы Францисктен жеке хат алды және қасиетті розарий алды.

2 қаңтарда әлемдегі  ең қарт адам болған жапондық Канэ Танака өзінің 118-ші туған күнін атап өткен еді.

Айта кетейік, коронавирусты алғаш жеңіп шыққан қарт 100 жастағы ресейлік Пелагея Пояркова есімді кейуана болған. Ал жұқпалы вирустан емделіп шыққан қазақстандық қарт адамның да жасы 100-де. Полина Силина Ақмола облысында тұрады. Ол дерттен сәуір айында жазылып шықты.

Өзгелердің жаңалығы