Франция Еуроодақты Ресей мен Қытайдың вакцинасын мойындамауға шақырды

8 Шілде 2021, 19:30
3480
Бөлісу:
Франция Еуроодақты Ресей мен Қытайдың вакцинасын мойындамауға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияның Сыртқы істер министрлігі Еуропалық одақты Қытай мен Ресейде жасалған вакцинаны мойындамауға шақырды, деп жазды ТАСС.

Мұндай ұсынысты Францияның Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы  Клеман Бон айтты. 

Оның айтуынша, францияның аумағындағы тұрғындар тек сенімді препараттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Бон әріптес елдерді Қытай, Ресей және бірқатар елдің вакцинасын пайдаланбауға шақырды. 

Абай болыңыздар, бұл вакциналарға «жоқ» деңіздер, - деді ол.

20 мамырда Еуропа вакцина алған азаматтарды шекарадан өткізу туралы шешім қабылданғаны туралы хабарланған. Алайда бұл тек Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Еуропалық дәрілік заттар агенттігімен расталған вакцина алғандарға қатысты. 

Ресейлік вакцина бұл тізімге кірмейді. Қазіргі күні Еуропалық одақта ресми түрде төрт вакцина мойындалды. Олар Johnson & Johnson, Pfizer/BioNTech, AstraZeneca және Moderna.

Өзгелердің жаңалығы