Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Фотосурет қатерлі ісікті анықтауға көмектесті

21 Маусым 2020, 11:05
2112
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ. Жаңа Зеландия тұрғыны Мадлен Кирке-Смит үйлену тойының фотосын көріп отырып өзінен рак ісігін байқаған. Бұл туралы әйел Facebook-тегі парақшасына жазды.

Оның айтуынша, мерекелік кештегі фотоларды көріп отырып өзінің кеуде тұсындағы ісікті байқаған. Келесі күні ол дәрігерге қаралып, ол сүт безінің обыры екенін білген.

Әйел бұған дейін денесінен ісіктерді байқаған. Алайда дәрігерлер оған басқа диагноз қойыпты. Осы жайтқа байланысты ол шағым түсіріпті.

Қазір Кирке-Смит емделіп жатыр. Оған химиотерапия көмектесіп жатқан көрінеді, әйел мұндай жағдайды болдырмас үшін бірнеше кеңес айтып, үндеу жолдаған.

Өзгелердің жаңалығы