Фоторепортаж: Ұлы дала археологы

30 Қыркүйек 2024, 11:27
2031
Бөлісу:
Фоторепортаж: Ұлы дала археологы
PHOTO
Фото: автордан

Алматыда «Кемел Ақышев – Қазақстан археологиясының темірқазығы» атты көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Археолог Кемел Ақышевтің 100 жылдық мерейтойына орай Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты ұйымдастырған «Қазіргікезеңдегі Еуразия археологиясының көкжиектері менпарадигмалары» халықаралық симпозиумы өтті.

Көрме музейдің археология, этнография, фото құжаттар қоры материалдары мен ғалымның ғылыми еңбектері – монографиялары, мақалалары, кітаптардан алынған иллюстрациялары негізінде құрылды және алты кешенмен көрсетілді.

Фоторепортаж: Ұлы дала археологы
Фоторепортаж: Ұлы дала археологы

Көрмені Мемлекеттік орталық музейдің директоры Рашида Ерімқызы Харипова ашып, отандық гуманитарлықғылымның дамуына және әлемдік мәдениетке зор үлес қосып, музей қорын баға жетпес қазыналармен байытқан Кемел Ақышевтің тұлғасы бүгінгі ұрпақ үшін қашан биік екенін жеткізді.

Кемел Ақышев Қазақстанның ғылымына ғана емес, адамзат ғылымына қомақты үлес қосты. Алтын адамды тауып, оны тәуелсіз Қазақстанның брэндіне айналдырды. Кемел Ақышевтың 100 жылдық мерейтойына арналған көрмені бүкіл ғалымдарға және ғылыми жұмыстарға деген құрмет деп қабылдау керек. Өйткені нағыз ғылыми жұмыс ешқашан құнын жоғалтпайды,- деді Рашида Ерімқызы.

Фоторепортаж: Ұлы дала археологы
Фоторепортаж: Ұлы дала археологы

К. Ақышев бүгінде әлемге танымал Бесшатыр қорымындағы сақ пирамидаларын, «Алтын адам» жерленген Есік обасын, аңызға айналған Отырар қала жұртын, ежелгі және көптеген ортағасырлық мәдениет ескерткіштерін анықтап, қазба жұмыстарын басқарды. 

Ол ғылыми қызметінің жарты ғасырға  жуығын ежелгі тарих, көне дүние және орта ғасырлар археологиясы мәселелерін зерттеу ісіне арнады. 200-ден аса ғылыми еңбек, 15 монографияның авторы К Ақышевтің аты  «Қазақстанның Құрмет Алтын кітабына» енгізілген.

Фоторепортаж: Ұлы дала археологы
Фоторепортаж: Ұлы дала археологы
Фоторепортаж: Ұлы дала археологы
Фоторепортаж: Ұлы дала археологы
Өзгелердің жаңалығы