Фоторепортаж. Саран - Қазақстанды қоғамдық көлікпен қамтып отыр

18 Қыркүйек 2024, 12:40
1050
Бөлісу:
Фоторепортаж. Саран - Қазақстанды қоғамдық көлікпен қамтып отыр
PHOTO
Фото: автордан

Елімізде ерекше көзге түсіп жүрген автобустар Қарағанды облысының шағын ғана Саран қаласында құрастырылады. Зауытта жылына 1200-ге жуық автобус пен 500-ге арнайы техника жасалады. Өнідіріс мұнымен жұмысын тоқтатып қоймай, сыртқы нарыққа да шығуды көздеп отыр. «QazTehna» ЖШС директоры Арғұлан Майконов зауыттың аймағы кеңейіп, автобустар саны артатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Фоторепортаж. Саран - Қазақстанды қоғамдық көлікпен қамтып отыр
Фоторепортаж. Саран - Қазақстанды қоғамдық көлікпен қамтып отыр

2020 жылы өндірісті қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Кейін бір жылдан соң автобустарымызды шығара бастадық. 2022 жылы еліміздегі автобус нарығының 62 пайызын иелендік. Өндіріс жұмысы іске қосылғаннан бері 3200 автобус құрастырылды. Өндіріс өнеркәсіпті дамыту қоры мен қытайлық серіктертеріміздің Yutong-ның арқасында ашылды. Зауыт 40 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Биыл өндіріс аумағын одан әрі кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Сол кезде зауыт аймағында тағы 10 мың шаршы метр қосылады. Өйткені тағы бір цех жетіспей жатыр. Қазіргі таңда компанияда 700 адам жұмыспен қамтылған, бірақ өндіріс кеңейсе, тағы 200 жұмысшы қажет. Біз жылына 1200 автобус құрастырамыз. Бұл көрсеткішті одан әрі арттырып, жылына 1600 автобус шығаруды көздеп отырмыз. Автобустың 8 түрлі моделі шығарылады. Модельдер қалалық, туристік және қалааралық болып бөлінеді. Онымен қоса, Sinotruk серіктестеріміз бірге жүк көлігін құрастырамыз, - деді Майконов.

Фоторепортаж. Саран - Қазақстанды қоғамдық көлікпен қамтып отыр
Фоторепортаж. Саран - Қазақстанды қоғамдық көлікпен қамтып отыр

Кәсіпорында қызметкерлерді даярлау үшін "QazTehna" оқу орталығы жұмыс істейді.

Фоторепортаж. Саран - Қазақстанды қоғамдық көлікпен қамтып отыр

 Онда зауыт қызметкерлеріне арнайы куәліктер мен сертификаттар беріледі. Бүгінгі таңда орталықта 12 мамандық оқытылады. 

Фоторепортаж. Саран - Қазақстанды қоғамдық көлікпен қамтып отыр

Сонымен қатар өндіріс іске қосылған сәттен бастап бүкілі 428 мектеп автобусы қолданысқа берілді. 

Фоторепортаж. Саран - Қазақстанды қоғамдық көлікпен қамтып отыр

Олар бүгінде республикамыздың Ақтөбе, Түркістан, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ұлытау, Жамбыл, Жетісу облыстары мен Атырау, Көкшетау, Қызылорда қалаларында жұмыс істейді.

Фоторепортаж. Саран - Қазақстанды қоғамдық көлікпен қамтып отыр

Бірнеше келісім аясында автобустарды Баку мен Ресейге де жіберіп көрдік. Бірақ әзірше тек еліміздің ішкі нарығын қамтамасыз етіп отырмыз. Жұмысшыларымыздың 70 пайызы жергілікті Сараннан, ал қалғаны облыс орталықтары мен басқа да өңірлерден келеді. Жалпы, қызметкерлер жеткілікті, дегенмен жұмыс ауқымы кеңейсе, қажеттілік туындайтыны анық. Бүгінгі таңда өнідірісте инженер-конструктор, дәнекерлеуші мен бояушы мамандықтары сұраныста. Осы мақсатта өзімізде жергілікті оқу орындармен байланысымызды күшейтіп жатырмыз. Өндірісте арнайы даярлау орталығы бар, сонда жас мамандар арнайы курс оқып, жұмысқа орналаса алады. Қызметкерлерді жұмыс орнына дейін арнайы автобус әкеліп тастайды және тегін түскі аспен қамтылған. Сондай-ақ білімін жетілдіріліп, мансапта өсуге мүмкіндік бар, - деді "QazTehna" ЖШС директоры.

Құрастыру цехінің мастері Нияз Тұрсынов мансабы өсіп келе жатқан жас мамандардың бірі. Ол өндірісте қандай жағдай жасалғанын айтты.

Алғашқы рет зауытқа 2020 жылы келдім. Басында слесарь болып жұмыс істедім. Ең жақсысы, жұмыс арасында оқуға арнайы уақыт бөлінеді. Соның арқасында бірнеше мамандықты игердім. Яғни өндірісте жұмыс істеп те, білім алып та үлгеруге болады. Қазіргі айлығым 300-350 мың теңге аралығында. Алғашқы рет жұмысқа орналасқан кезде 150 мыңнан бастадым. Бүгінгі таңда айлық жалақымыз жыл сайын қосылып отырады. Таңертең әр жұмысшыға арнап бағыт беріледі. Кейін уақыт пен жұмыс сапасын бақыланып отырады. Күніне 3-4 автобус құрастырамыз. Алдағы жоспарыма тоқталсам, цехтің бастығы болуды көздеп отырмын, - деді Нияз Тұрсынов.

Фоторепортаж. Саран - Қазақстанды қоғамдық көлікпен қамтып отыр
Фоторепортаж. Саран - Қазақстанды қоғамдық көлікпен қамтып отыр

Кіші торап цехінің басшысы Жарас Исабековтің қол астында 100 қызметкер бар.

Фоторепортаж. Саран - Қазақстанды қоғамдық көлікпен қамтып отыр
Фоторепортаж. Саран - Қазақстанды қоғамдық көлікпен қамтып отыр

 Исабековтің сөзінше, жұмыс күшін арттыру үшін әр қызметкердің тілін таба білу керек.

Фоторепортаж. Саран - Қазақстанды қоғамдық көлікпен қамтып отыр

Өнідіріс құрылған кезде слесарь болып жұмысқа тұрдым. Мұның алдында 7 жыл теміржол саласында жұмыс істеген едім. Кейін жаңа өндірістің ашылып жатқанын естіп, қызғушылықпен бардым. Өйткені бала күнімнен техникаға жақынмын және болашағымды да осы саладан көремін. Күндік жоспар бойынша 4 автобус шығаруымыз керек. Жоспарға сай әр автобусқа 2 сағат уақыт кетеді. Цехтің бастығы техникалық жағынан емес, менеджмент жағына акцент көп береді. Себебі, техниканы құрастыру бір ізге түскен процесс. Біз көп бөлшектерден техника құрастырамыз, ал оны күнде істеген адам әбден машықтанып алады. Қазір қол астымда 100 адам жұмыс істейді. Олардың бәрімен тіл табысып, жұмысты тиімділігін арттыруды ойлаймын, - деді Жарас Исабеков.

Фоторепортаж. Саран - Қазақстанды қоғамдық көлікпен қамтып отыр
Фоторепортаж. Саран - Қазақстанды қоғамдық көлікпен қамтып отыр
Өзгелердің жаңалығы