Фоторепортаж: Алматыда қуыршақтар көрмесі ашылды

7 Қараша 2024, 15:15
507
Бөлісу:
Фоторепортаж: Алматыда қуыршақтар көрмесі ашылды
PHOTO
Фото: автордан

Мемлекеттік орталық музейінде авторлық қуыршақтар мен Тедди қонжықтарының халықаралық көрмесі өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Көрмеде қуыршақ жасау өнерінің заманауи бағыттары көрсетілді. Қазақстан мен ТМД елдерінің қуыршақ жасайтын шеберлерінің коллекцияларымен және жұмыстары таныстырылды.

Фоторепортаж: Алматыда қуыршақтар көрмесі ашылды

Шеберлер полимерлі саздан, матадан және киізден жасалған сан алуан авторлық қуыршақтарын көрермендер назарына ұсынды.

Фоторепортаж: Алматыда қуыршақтар көрмесі ашылды

Көрменің мақсаты – алматылықтарға және қала қонақтарына еліміздегі дарынды шеберлерді таныстыру. Барлық туындылар бір ғана данамен жасалып, әрқайсысын жасауға бірнеше аптадан бірнеше айға дейін уақыт жұмсалады. Ерен еңбектің нәтижесінде жеке коллекцияларда және әлемдік галереяларда лайықты орын алатын нағыз бірегей туындылар дүниеге келеді. «Asia Doll» авторлық қуыршақтары мен Тедди аюлары көрмесінде қуыршақ шеберлерінің әртүрлі техникада орындалған 100-ге жуық авторлық жұмысы ұсынылды,- деді Мемлекеттік орталық музейі РМҚК директоры қызметіне Рашида Харипова.

Фоторепортаж: Алматыда қуыршақтар көрмесі ашылды

Көрме аясында «Жібек жолының алтын ғасыры» ұзақ мерзімді жобасы ұсынылды. Онда Жібек жолы бойындағы елдердің таңғажайып кейіпкерлері, этникалық киімдері, жануарлары мен адамдарының бейнелерін көрсететін авторлық шығармалары ерекше орын алады.

Фоторепортаж: Алматыда қуыршақтар көрмесі ашылды

Биылғы көрмеге Алматы, Өскемен, Риддер, Көкшетау, Тараз, Павлодар, Астана, Семей, Орал, Алтай (Қазақстан), Бішкек (Қырғызстан), Ташкент (Өзбекстан) қалаларынан 50-ден астам шеберлер қатысты,- деді Мемлекеттік орталық музейі РМҚК директоры қызметіне Рашида Харипова.

Фоторепортаж: Алматыда қуыршақтар көрмесі ашылды

Көрменің ашылуына Алматының белгілі суретшілері, галеристері, кәсіпкерлері, аймақтық және республикалық телеарналардың өкілдері қатысады.

Фоторепортаж: Алматыда қуыршақтар көрмесі ашылды

Көрме 7-18 қараша аралығында өтеді.

Фоторепортаж: Алматыда қуыршақтар көрмесі ашылды
Фоторепортаж: Алматыда қуыршақтар көрмесі ашылды
Фоторепортаж: Алматыда қуыршақтар көрмесі ашылды
Фоторепортаж: Алматыда қуыршақтар көрмесі ашылды
Фоторепортаж: Алматыда қуыршақтар көрмесі ашылды
Фоторепортаж: Алматыда қуыршақтар көрмесі ашылды
Фоторепортаж: Алматыда қуыршақтар көрмесі ашылды
Өзгелердің жаңалығы