Форум өткізу тоқтатылады: Оқу-ағарту министрлігі шығындарды қысқартуды бастады

Министр Жұлдыз Сүлейменова өңірлік басшыларға нақты міндеттер жүктеді.

 gov.kz Кеше 2026, 16:40
Кеше 2026, 16:40
821
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, білім саласында бюджет қаражатын үнемдеу және тиімді пайдалану жұмыстары басталды. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өңірлік басшыларға нақты міндеттер жүктеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министрліктің жаңа ұстанымы бойынша, білім саласының ресурстары енді есеп беру үшін өткізілетін форумдар мен жиындарға емес, нақты білім сапасына бағытталады.

Ревизия аясында республикалық және өңірлік шаралар тізімі қайта қаралады. Сондай-ақ пайдасы жоқ жиындар мен салтанатты іс-шаралар саны азаяды.

Бұдан бөлек тек білім беру мазмұнын байытатын жобалар ғана қаржыландырылады.

Наверх