FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысып, рейс кешіктірілді

Әуе кемесі техникалық тексеруге жіберіліп, жолаушыларға кешігу себебі түсіндірілді.

 ©BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 17:49
Бүгiн 2026, 17:49
159
Фото: ©BAQ.KZ архиві

FlyArystan әуе компаниясының Астана – Шымкент бағыты бойынша рейсі құстармен соқтығысқаннан кейін кешіктірілді.

Бұл туралы тасымалдаушының баспасөз қызметі мәлімдеді.

23 мамырдағы FS7309 Астана – Шымкент рейсі әуе кемесінің құстармен соқтығысуына байланысты кешіктірілді. Зақымға тексеру жүргізілді. Рейсті орындау үшін басқа әуе кемесі берілді. Жолаушыларға су мен тамақ ұсынылды, – делінген хабарламада.

FS7309 рейсі кесте бойынша 23 мамыр күні сағат 19:40-та ұшуы тиіс болған. Алайда ұшақ іс жүзінде 24 мамыр күні сағат 00:09-да көтерілген.

FlyArystan компаниясы жолаушылар мен экипаж қауіпсіздігі әуе тасымалдаушы үшін басты басымдық болып қала беретінін атап өтті.

Наверх