Фишинг. Полиция алаяқтармен қалай күресіп жатыр?

28 Қыркүйек 2021, 13:04
3229
Бөлісу:
Фишинг. Полиция алаяқтармен қалай күресіп жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің киберқылмыспен күрес бөлімінің басшысы Талғат Бөлегенов журналистерге берген брифингте айтты.

Интернет алаяқтыққа қарсы күрес бойынша ІІМ академиясы криминалды полиция қызметкерлеріне оқыту курстарын өткізеді. Кибералаяқтардың жаңа тетіктері бойынша халықты ақпараттандыруды жүзеге асырамыз. Әкімдік пен құзырлы ведомстволардың сайттарында да арнайы бейнероликтер жарияланды. Оларда алаяқтардың хабарландыруларын қалай ажырату керегі түсіндірілген, - деді Бөлегенов.

Ол атағандай, интернет алаяқтықтың 70 пайызы онлайн саудамен байланысты болып отыр.

Мысалы, алаяқтар әлеуметтік желі мен сайттарда жалған парақшалар ашып, ұялы телефон, тон, алтын бұйымдар, автокөлік бөлшектерін сату бойынша хабарландырулар жасаған. Мысалы, жақында онлайн сатуда алаяқтық жасаған бір топ ұсталды. Олар үшінші тұлғалардың карталарына алдын ала төлем қабылдаған. Олар ұсталды. Қазір жазасын өтеп жатыр, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы