FIRST ROBOTICS: Елімізден 17 команда орталық Азия чемпионатына қатысу құқығын жеңіп алды

11 Қаңтар 2024, 21:12
568
Бөлісу:
FIRST ROBOTICS: Елімізден 17 команда  орталық Азия чемпионатына қатысу құқығын жеңіп алды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

9 және 10 қаңтарда Қаскелең қаласындағы SDU базасында мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған РОБОТТАР ФЕСТИВАЛІ өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарыстың ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және USTEM Robotics қоғамдық қоры. Фестивальге робототехникамен айналысатын 400 оқушы қатысты.

Фестиваль FIRST халықаралық ережелері бойынша үш санатта FLL Explore (6-10 жас аралығында), FLL Challenge (10-16 жас аралығында) және FTC (12-18 жас аралығында) өткізілді. Бұл концепция балалардың инженерия ғылымдары саласында үздіксіз дамуы үшін қажет.

Фестиваль қорытындысы бойынша барлық қатысушылар сертификаттармен, жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Сондай-ақ, 17 команда келесі жетістіктерге жетті: Сондай-ақ, ағымдағы жылдың ақпан айының соңында Астана қаласында өтетін «FIRST Robotics» Орталық Азия чемпионатына қатысу құқығына ие болған 17 команда анықталды.

Олар: FIRST Tech Challenge байқауы бойынша:

•Sipinine – Көкшетау қаласы «Білім-инновация» лицейінің командасы;

•UNO – Алматы қаласының №124 мектебінің командасы;

•The Echoes - Алматы қаласының №124 мектебінің командасы;

•Driver F1 – Алматы қаласының №39 лицейінің командасы;

•BIL barbie – Алматы қаласының дарынды қыздарға арналған «Білім-инновация» лицейінің командасы;

•Spark team – Ақтау қаласының «Білім-инновация лицей-интернаты» командасы;

•Point – Алматы қаласының №208 мектеп-гимназиясының командасы. Дәл осы санат нәтижесі бойынша 9-10 наурызда Кипр мемлекетінде өтетін ашық чемпионатқа лицензия иегерлері:

•Zhamakaev 145 – Алматы қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ФМБ командасы; •Sana team – Алматы қаласының «Білім-инновация» лицейінің командасы;

•Queue Team – Алматы қаласының «Білім-инновация» лицейінің командасы;

•PID – «Alem Innovation Centre» мектебінің командасы; Ал FIRST LEGO League Challenge байқауының нәтижесі бойынша келесі командалар жеңді:

•Endeavour – Ақтөбе қаласының «Білім-инновация» лицейінің командасы;

•Tolebi – Түркістан облысының Төлеби ауданы «Дарын» мектеп-интернатының командасы;

•SkyLight – Тараз қаласының «IT lyceum» командасы;

•Armada – Тараз қаласының «IT lyceum» командасы;

•QSTEM STARS – Алматы қаласының «TAMOS EDUCATION» мектебінің командасы;

•Vegapunk – «Fiztex school» мектебінің командасы.

Өзгелердің жаңалығы